Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Ұстазға жүрек жарды тілек» атты мерекелік кеш өтті
05 Қазан 2026                  69
«Ұстазға жүрек жарды тілек» атты мерекелік кеш өтті

2026 жылғы 5 қазанда Студенттер үйінің конференция залында Ұстаздар күніне арналған «Ұстазға жүрек жарды тілек» атты мерекелік кеш өтті.

Іс-шараны «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиниринг» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері эдвайзер Темирова Г. Қ. жетекшілігімен ұйымдастырды.

Мерекелік кештің негізгі мақсаты – білім алушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және студенттер мен оқытушылар арасындағы рухани байланысты нығайту.

Кеш барысында студенттер ұстаздарға ізгі тілектерін білдіріп, шығармашылық өнерлерін көрсетті. Мерекелік бағдарлама әсерлі құттықтаулармен, қызықты ойындармен және музыкалық қойылымдармен толықты.

Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде өтіп, ұстаздарға ерекше әсер мен жылы лебіз сыйлады. Ұстаздық жолын білім мен тәрбиеге арнаған барша педагогке зор денсаулық, шығармашылық табыс және еңбектерінің жемісін тілейміз!