Главная Новости CareerTalks: оқу кезінде мансапты қалай бастауға болады — METU түлектерінің тәжірибесі
08 Қазан 2026                  65
CareerTalks: оқу кезінде мансапты қалай бастауға болады — METU түлектерінің тәжірибесі

8 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) CareerTalks жобасы аясында білім алушылардың кәсіби дамуы, практикадан өтуі және жұмысқа орналасу мәселелеріне арналған кезекті кездесу өтті.

 

Кездесуге «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының түлектері, қазіргі таңда Inter Service компаниясында қызмет атқарып жүрген:

  • Мақсұт Арлен Мақсұтұлы — Tele2 жобасы бойынша I санатты жоба менеджері, құрылыс бөлімі;
  • Халиева Айгерим Бауржанқызы — Senior Project Manager (аға жоба менеджері)

қатысты.


 

Кездесудің негізгі өзегі — түлектердің университеттегі оқуынан бастап, практикадан өтуі, алғашқы кәсіби қадамдары және мансаптық дамуына дейінгі нақты тәжірибесі болды.

Спикерлер өздерінің кәсіби жолы туралы айтып, білім беру бағдарламасын таңдауына не себеп болғанын, алғашқы практикалық дағдыларды қалай қалыптастырғанын, оқу кезінде кәсіби қызметті қалай бастағанын және Inter Service компаниясындағы қазіргі қызметтеріне қалай келгенін бөлісті.

 

Кездесу барысында оқу мен жұмысты қатар алып жүру, практикадан өту және жас мамандар үшін кәсіби даму мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Спикерлер телекоммуникация саласында бүгінгі таңда қандай білім мен дағдылар сұранысқа ие екенін, жұмыс берушілер жас мамандардан не күтетінін және кәсіби тұрғыдан өсуге қандай қасиеттер көмектесетінін атап өтті.

 

Кездесудің интерактивті бөлімінде білім алушылар нақты жағдайларды талқылап, алғашқы жұмысқа орналасу, практикадан өту және одан әрі кәсіби даму мәселелері бойынша спикерлермен бірге ой бөлісті.

 

Сонымен қатар қатысушылар Inter Service компаниясында практикадан өту, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен, сондай-ақ METU білім алушылары мен түлектеріне арналған өзекті бос жұмыс орындары және кәсіби даму перспективаларымен танысты.


«Мансап жолы диплом алғаннан кейін ғана басталмайды. Оқу кезінде практикадан өту, алғашқы кәсіби тәжірибе жинақтау және жұмыс берушімен ерте танысу — болашақ кәсіби жолды қалыптастырудағы маңызды қадамдар».


Кездесу соңында білім алушылар спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, олардың жеке кәсіби тәжірибесіне негізделген практикалық кеңестер алды.