Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры МИТУ университетінде Huawei ICT Competition 2026–2027 байқауына арналған конференция өтті
07 Қазан 2026                  56
МИТУ университетінде Huawei ICT Competition 2026–2027 байқауына арналған конференция өтті
  1. 2026 жылғы 6 қазанда МИТУ университетінде Huawei компаниясы өкілдерінің қатысуымен Huawei ICT Competition 2026–2027 халықаралық байқауына арналған конференция өтті. Іс-шараға «Инженериядағы смарт-технологиялар» кафедрасының «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері қатысты.

    Конференция барысында студенттер Huawei компаниясының қызметімен, Huawei ICT Academy білім беру бастамасымен және халықаралық байқаудың негізгі бағыттарымен танысты. Байқау Network (желілік технологиялар), Cloud (бұлттық технологиялар), AI (жасанды интеллект) және Computing (есептеу технологиялары) бағыттарын қамтиды.

    МИТУ университетінде Huawei ICT Academy жұмыс істейді. Академия аясында «Инженериядағы смарт-технологиялар» кафедрасының сертификатталған инструкторлары Толегенова А.А. және Аширбеков Б.А. сабақтар өткізеді.

    Қазақстанда Huawei ICT Competition 2026–2027 маусымы аясындағы Roadshow 8 қыркүйек пен 14 қазан аралығында өтіп, еліміздің 48 жоғары оқу орнын қамтиды. Өткен маусымның жаһандық финалында қазақстандық студенттер Network Track бағыты бойынша екінші, ал AI Innovation бағыты бойынша үшінші орынға ие болды.

    Конференция студенттердің заманауи технологияларға қызығушылығын арттырып, олардың практикалық дағдыларын дамытуға және халықаралық байқауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталды. бағытталды.