Главная Кафедры Инженериядағы smart технологиялар Новости кафедры «Smart технологиялар инженерияда» кафедрасында білім беру бағдарламасын жетілдіру мәселелері талқыланды
11 Наурыз 2026                  30
«Smart технологиялар инженерияда» кафедрасында білім беру бағдарламасын жетілдіру мәселелері талқыланды

2026 жылғы 11 наурызда «Smart технологиялар инженерияда» кафедрасында «6В07105 – Электр энергетикасындағы ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасын талқылауға арналған отырыс өтті.

Отырыс барысында кафедра меңгерушісі Мұрат Қырғызбаевич Бақтыбаев білім беру бағдарламасының мазмұнымен, оқытушылар құрамымен және оқу жоспарымен таныстырды.

Талқылау кезінде білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, практикалық сабақтардың үлесін арттыру және бейінді кәсіпорындармен ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Оқытушылар мен жұмыс берушілер студенттердің өндірістік жағдайларда жұмыс істеуге дайындығын арттыру мақсатында практикалық семинарлар мен зертханалық сабақтарды ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар электр станциялары мен қосалқы станциялардағы электр жүктемелерін есептеу дағдыларын тереңдету үшін «Электрмен жабдықтау жүйелерін есептеу және жобалау» пәнін оқу жоспарына енгізу және «Электр энергетикалық жүйелерді интеллектуалдандыру» пәнін таңдау пәндерінің қатарына қосу ұсынылды.

Отырыс қорытындысы бойынша оқу жоспарын жетілдіру, практикалық дайындықты күшейту, бейінді кәсіпорындармен байланысты дамыту және кафедраның материалдық-техникалық базасын жаңарту жөнінде ұсыныстар қабылданды.

Аталған бастамалар білім беру сапасын арттыруға және болашақ мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған.