Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті жаппай ашық онлайн-курстарды (ЖАОК) әзірлеу жобаларына конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты — сапалы цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу, оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту және Университеттің үздік білім беру курстарын кең аудиторияға ұсыну. Конкурсқа Университеттің штаттық оқытушылары қатыса алады. Жоба жеке автор немесе авторлық ұжым атынан ұсынылуы мүмкін. Қатысушылар жаңа ЖАОК әзірлеу немесе қолданыстағы онлайн-курсты елеулі түрде жаңарту жобасын ұсына алады. Жобалар мазмұнның өзектілігі мен сапасы, жоспарланған оқу нәтижелері, педагогикалық дизайн, бағалау жүйесі, техникалық іске асырылуы, қолжетімділігі, авторлық құқық және дербес деректерді қорғау талаптарының сақталуы бойынша бағаланады.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 14 қазаннан 30 қазанға дейін.
Өтінімдерді қабылдау орны: №1 оқу корпусы, 7-қабат, METU Media
Studio
Байланыс ақпараты:+7 707 519 1239, +7 775 204 4188
Университет оқытушыларын конкурсқа белсенді қатысып, сапалы әрі қолжетімді онлайн-курстар әзірлеуге шақырамыз!