Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Сөз құдіреті: MИТУ -де Шешендік өнер клубының отырысы өтті
08 Қазан 2026                  49
Сөз құдіреті: MИТУ -де Шешендік өнер клубының отырысы өтті

08.10.2026 күні Студенттік шешендік өнер клубының «Әр дәуірдің шешендік өнер шеберлері» атты тақырыпта тағылымды отырысы өтті. Тәжірибелі жетекші Тұкебаева Жанылдың басшылығымен студенттер риторика әлеміне бойлап, өткен заманның ұлы спикерлерінің құпияларын зерттеді.

Іс-шара бағдарламасы өте қызықты әрі интерактивті форматта ұйымдастырылды:

• Зейін ашу (Разогрев): қатысушылар 30 секунд ішінде өзін таныстыруды үйреніп, сөздің сендіру күшін талқылады.

• Дәуірлерге саяхат: студенттер көне заман шешендерінің (Демосфен, Цицерон, Сократ) әдістеріне талдау жасап, дала шешендік өнерінің шеберлері — қазақ билерінің (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би) дипломатиялық дәстүрлерін зерттеді.

• Теория мен практика: жастар ықпалды сөздің үш негізгі тірегі — Этос (сенім), Логос (логика) және Пафос (эмоция) ұғымдарын меңгерді.

• Топтық викторина мен дебат: «Шешендер дуэлі» барысында студенттер небәрі 45 секунд ішінде өз позицияларын дәлелді түрде қорғауды үйренді.

• Финалдық кезең: әр қатысушы «Ой – Дәлел – Қорытынды» құрылымы бойынша 60 секундтық әсерлі сөз сөйлеп, өзара кері байланыс жасады.

Іс-шараға белсене қатысып, ерекше көзге түскен клуб мүшелері: Сайлаубекова Айзере, Тургунова Сарвиназ, Сергазы Айнель, Илесбай Адилбек, Ермеркарайева Алина, Бухарова Дидар, Сейткерек Томирис, Айдинова Рейхан және Қайсаровна Көркем,Ахметканова Алина,Смагул Аяулым

Отырыс заманауи медиа-трендтер мысалында көпшілік алдында сөйлеудің өзекті тәсілдерін талдаумен аяқталды. MITU Шешендік өнер клубы студенттерге анық сөйлеуді және сенімді болуды үйретуді жалғастыруда!