Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Отбасы — ұлт құндылығы: тәрбие мен тағылымға үндеген кездесу
08 Қазан 2026                  126
Отбасы — ұлт құндылығы: тәрбие мен тағылымға үндеген кездесу

2026 жылғы 8 қазанда METU университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының лекторы, топ кураторы Айткулова Құралай Оңғаровна Тур-26-1.3к тобының студенттерімен «Отбасы - ұлт құндылығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Кураторлық кездесу жастардың отбасы құндылықтары туралы түсінігін тереңдетуге, ата-анаға құрмет пен жақындарына қамқорлық сезімін нығайтуға бағытталды. Әңгіме өзегіне отбасындағы тәрбие, өзара сыйластық, сенім және ұрпақтар сабақтастығы арқау болды. Дөңгелек үстел отбасының тұлға қалыптастырудағы орны, ұлттық дәстүрлерді сақтау мен кейінгі ұрпаққа жеткізудегі маңызы туралы пікір алмасуға арналды. Отбасылық жауапкершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, күнделікті қарым-қатынастағы түсіністік пен қолдау тақырыптарына назар аударылды. Кездесудің тәрбиелік мәні - отбасы құндылықтарын күнделікті әрекетпен байланыстыра қарастыруда. Жақындарына көңіл бөлу, ата-ананың еңбегін бағалау, өз міндетіне жауапкершілікпен қарау – осы құндылықтардың өмірдегі нақты көрінісі.

Іс-шара кафедраның студенттердің рухани-адамгершілік дамуына бағытталған кураторлық жұмысы аясында ұйымдастырылды. Мұндай кездесулер отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортадағы әдеппен, өзара құрметпен және азаматтық жауапкершілікпен ұштастыруға үндейді.