Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Менің таңдауым – менің болашағым»
15 Қазан 2026                  62
«Менің таңдауым – менің болашағым»

2026 жылғы 15 қазанда METU білім ордамыздың бірінші курс студенттерімен (ИТвЭЭ-26.1р, БТ-1.1 р)   «Менің таңдауым – менің болашағым» тақырыбында тәрбие бағыты бойынша эдвайзерлік кездесу өткізілді.  Кездесудің негізгі мақсаты – университетке жаңадан қабылданған студенттердің өмірлік ұстанымдарын айқындауына, жеке мақсаттарын белгілеуіне, таңдаған мамандығына деген жауапкершілігін сезінуіне және болашаққа сеніммен қарауына ықпал ету.  Кездесу барысында студенттер өз армандары, алға қойған мақсаттары, таңдаған мамандықтары және болашақта қол жеткізгісі келетін жетістіктері туралы ой бөлісті. Олар мамандық таңдауға түрткі болған себептерін түсіндіріп, кәсіби қалыптасуға қатысты көзқарастары мен алдағы жоспарларын ортаға салды. Өзара пікір алмасу арқылы студенттер өз мүмкіндіктерін бағамдап, болашаққа деген көзқарастарын саралауға мүмкіндік алды. Студенттердің пікірлерінен білімге деген құштарлық, өзін-өзі дамытуға ұмтылыс және таңдаған кәсібіне жауапкершілікпен қарауға деген ниет байқалды. Сонымен қатар кездесу олардың өз таңдауының мәнін тереңірек түсінуіне және алға қойған мақсаттарына жету үшін жүйелі еңбектің маңызын ұғынуына ықпал етті.

          Кездесудің негізгі түйіні – болашақ бүгінгі саналы таңдаудан басталады. Нақты мақсат қою, табандылық таныту, үздіксіз іздену және өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарау – кәсіби жетістікке жетудің маңызды алғышарттары.

Тәрбие жұмысы аясындағы бұл эдвайзерлік кездесу Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тебегенова Алтынарай Темірханқызының жетекшілігімен өтті. Кездесу студенттердің өзін-өзі тануына, кәсіби бағдарын айқындауына және болашағына саналы әрі жауапкершілікпен қарауына ықпал етті.