2026 жылғы 15 қазанда Халықаралық
инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы Полиция департаменті
Миграция қызметі басқармасы өкілдерімен кездесу өтті. Іс-шараға
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері кафедрасының оқытушылары мен
бірінші курс студенттері қатысты. Кездесу барысында полиция өкілі қазіргі
қоғамдағы өзекті мәселелерге, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын
алуға және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау маңыздылығына тоқталды.
Кездесу ашық диалог форматында жалғасып, әсіресе шетелдік студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көші-қон талаптары мен құқықтық мәселелерге қатысты нақты жауаптар алды. Еркін пікір алмасу студенттерге маңызды ақпарат алып, өздерін қызықтырған мәселелерді маманмен тікелей талқылауға мүмкіндік берді. Тағылымды кездесу студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар жастардың қоғамдағы жауапкершілігін арттырып, өздерін толғандырған сұрақтарға сенімді жауап табуына жол ашады.