Университетіміздің 2–3 курс студенттері арасында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттерді ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныстыру, бағдарламаға қатысу тәртібі мен өтінім беру кезеңдері туралы ақпарат беру, сондай-ақ студенттердің академиялық ұтқырлыққа деген қызығушылығын арттыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында студенттерге ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу шарттары, қажетті құжаттар, өтінім беру тәртібі және оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері туралы мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар студенттерге негізгі ақпарат қамтылған ақпараттық брошюралар таратылды.
Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері туралы толық мағлұмат алды.
Осындай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары студенттердің білім беру мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға ынталандыруға және олардың академиялық даму әлеуетін кеңейтуге бағытталған.
Ішкі академиялық ұтқырлық – студенттердің білім көкжиегін кеңейтіп, жаңа академиялық тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беретін маңызды қадам.