Главная Новости METU Шымкент қаласында өткен «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесінде білім беру мүмкіндіктерін таныстырды
14 Қазан 2026                  175
METU Шымкент қаласында өткен «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесінде білім беру мүмкіндіктерін таныстырды

2026 жылғы 14 қазанда Шымкент қаласында «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесі өтті. Іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) қатысып, болашақ талапкерлерге жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды.

Көрме аясында университет өкілдері мектеп түлектерімен кездесіп, мамандық таңдауға және жоғары оқу орнына түсуге қатысты кеңестер берді. Талапкерлер METU-де жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларымен, қабылдау талаптарымен, гранттар мен оқу ақысына берілетін жеңілдіктер жүйесімен танысты.

Кездесулер барысында университеттегі білім беру ортасы, тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндіктері туралы да айтылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған бағыттар бойынша толық ақпарат алып, болашақ білім жолын жоспарлауға мүмкіндік алды.

METU-дің халықаралық білім көрмесіне қатысуы Шымкент қаласының мектеп түлектерімен байланысты нығайтуға, сапалы инженерлік-технологиялық білім берудің мүмкіндіктерін насихаттауға және жастардың саналы кәсіби таңдау жасауына қолдау көрсетуге бағытталды.

Автор: Мусақызы Ж.