Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры METU СТУДЕНТТЕРІ «XXI ҒАСЫР ҚАРЖЫСЫ» XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ
30 Қыркүйек 2026                  166
METU СТУДЕНТТЕРІ «XXI ҒАСЫР ҚАРЖЫСЫ» XV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері Сейтхан Диана мен Төлеген Аймира студенттердің курстық, ғылыми-зерттеу және бітіру біліктілік жұмыстарына арналған «XXI ғасыр қаржысы» XV халықаралық байқауының жеңімпаздары қатарынан көрінді.

Байқау қаржы, цифрлық экономика, басқару және инновациялар салаларындағы студенттік зерттеулерді біріктірді. Байқау комиссиясының хаттамасына сәйкес барлығы 126 жұмыс ұсынылып, оның 110-ы бастапқы бақылаудан өтіп, бағалауға жіберілді.

МИТУ студенттері «Инновацияларды басқару – өсудің қозғаушы күші» номинациясы бойынша жеңімпаз дипломдарымен марапатталды. Сейтхан Диананың «Инновацияларды басқару» атты жұмысы I дәрежелі жеңімпаз дипломына ие болды. Байқау жұмысының ғылыми жетекшісі – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры Тлеужанова Манатжан Ашимкуловна.

Студенттердің дайындығы кафедраның жүйелі оқу-әдістемелік жұмысының, зерттеу дағдыларын дамытудың және студенттік бастамаларды қолдаудың нәтижесі болды.

Сейтхан Диана мен Төлеген Аймираны лайықты жетістіктерімен, ал ғылыми жетекшіні халықаралық байқауға қатысушыларды табысты дайындауымен құттықтаймыз! Жаңа ғылыми идеялар, сенімді кәсіби өсу және алдағы уақытта толағай жеңістер тілейміз!