Главная Новости METU студенті – «Алматы арланы» жарысының жеңімпазы!
22 Қазан 2026                  77
METU студенті – «Алматы арланы» жарысының жеңімпазы!

21 қазанда Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясының ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында алғаш рет аударыспақ ұлттық ойынынан «Алматы арланы» сайысы өтті.

Республика күніне орай ұйымдастырылған жарыс жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дәріптеуге бағытталды.

Шараға Алматы қаласындағы 9 жоғары оқу орнынан 55 спортшы қатысып, 68 және 82 келі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Қатысушылар күш-қуаты мен ептілігін көрсетіп, ұлттық спорттағы шеберліктерін ортаға салды.

82 келі салмақ көрсеткіші бойынша Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті, «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының 4-курс студенті, Баймағанбетов Диас топ жарып, жүлделі 1- орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.