Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «РЕСПУБЛИКА РУХЫ — ЕЛДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ» атты танымдық іс-шара өтті
23 Қазан 2026                  63
«РЕСПУБЛИКА РУХЫ — ЕЛДІКТІҢ ТҰҒЫРЫ» атты танымдық іс-шара өтті

2026 жылғы 23 қазанда МЕТУ-дің 2-корпусындағы кітапханада Республика күніне орай «Республика рухы — елдіктің тұғыры» атты танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты — студенттердің азаматтық ұстанымын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарға құрметін арттыру, ел болашағына деген жауапкершілігін нығайту және заманауи технологияларды шығармашылық тұрғыда қолдануға ынталандыру.

Іс-шара барысында ИИТЭ-26.1.2 р/о және УиА-26-1 р/о топтарының 1-курс студенттерімен ашық диалог ұйымдастырылып, Республика күнінің тарихи маңызы, елдік пен тәуелсіздік құндылықтары, жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігі туралы өзекті мәселелер талқыланды. Студенттер қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салып, Қазақстанның болашағына қатысты ойларымен бөлісті.

Кездесудің ерекше бөлімі жасанды интеллект технологиясына арналды. Студенттер жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, «Болашақ Қазақстан» тақырыбында шығармашылық жұмыстар әзірледі. Олар болашақ Қазақстанның келбетін, заманауи қалаларды, инновациялық технологияларды және ел дамуының мүмкіндіктерін өз көзқарастары арқылы бейнеледі. Бұл тапсырма студенттердің шығармашылық әлеуетін арттырып қана қоймай, цифрлық сауаттылығын, сыни ойлау қабілетін және заманауи технологияларды тиімді пайдалану дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара барысында тарихи сана, ұлттық рух, азаматтық жауапкершілік және жасанды интеллект мүмкіндіктері өзара сабақтастырылды. Студенттердің белсенді қатысуы мен пікір алмасуы кездесудің мазмұнын байытып, жастардың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Тәуелсіз елдің болашағы — білімді, саналы және жаңашыл ұрпақтың қолында. Республика күніне арналған бұл кездесу студенттердің отансүйгіштік сезімін нығайтуға және Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін арттыруға бағытталды.