2026 жылғы 22
қазанда Астана қаласында «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесі
өтті. Іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU)
қатысып, елордадағы мектеп оқушылары мен колледждердің бітіруші курс
студенттеріне білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрме
барысында университет өкілдері келушілерге METU-дің білім беру бағдарламалары,
оқуға қабылдау талаптары, мемлекеттік және университетішілік білім гранттары,
сондай-ақ оқу ақысына қарастырылған жеңілдіктер туралы ақпарат берді.
Мектеп
түлектері мен колледж студенттері университеттегі оқу мүмкіндіктері, білім беру
бағыттары және студенттік өмір туралы мәлімет алып, өздерін қызықтырған
сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар колледж түлектеріне жоғары білім алуды
жалғастыру мүмкіндіктері түсіндірілді.
METU-дің халықаралық білім көрмесіне қатысуы университеттің білім беру бағдарламаларын кеңінен таныстыруға, болашақ талапкерлермен байланыс орнатуға және өңірлердегі кәсіптік бағдар беру жұмысын дамытуға мүмкіндік берді.
Автор: Мусақызы Ж.