2026 жылғы 23
қазанда Көкшетау қаласында «Білімді Келешек – III» халықаралық білім көрмесі
өтті. Аталған іс-шараға Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті
(METU) қатысып, мектеп оқушылары мен колледждердің бітіруші курс студенттеріне
университеттің білім беру мүмкіндіктерін таныстырды.
Көрме
аясында METU өкілдері келушілерге университеттің білім беру бағдарламалары,
оқуға қабылдау талаптары, мемлекеттік және университетішілік білім гранттары,
сондай-ақ оқу ақысына қарастырылған жеңілдіктер туралы ақпарат берді.
Мектеп
оқушылары болашақ мамандықтарын таңдауға қатысты сұрақтарына жауап алса,
колледждердің бітіруші курс студенттері жоғары білім алуды жалғастыру
мүмкіндіктерімен танысты. Сонымен қатар қатысушылар университеттегі оқу
үдерісі, тәжірибелік дайындық және студенттік өмір туралы мәлімет алды.
Көкшетау
қаласында өткен көрме METU үшін өңірдегі болашақ талапкерлермен тікелей
байланыс орнатуға, білім беру бағдарламаларын таныстыруға және мектептер мен
колледждермен өзара ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік берді.
Автор:
Мусақызы Ж.