2026 жылғы 18 қазанда METU университетінің Тур-26-1.1к тобының студенттері «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы Махажанова Л.М.-мен бірге Алматының Орталық стадионына барып, «Қайрат» пен «Ертіс» командалары арасындағы футбол матчын тамашалады. Студенттер «Қайрат» командасына қолдау
көрсетіп, үлкен спорттық шараның бір бөлігі болуға ниет білдірді.
Футбол матчын тамашалау студенттерге спорттық
іс-шараның ұйымдастырылуымен танысуға, футбол мерекесінің ерекше атмосферасын
сезінуге және спорттың әртүрлі буын өкілдерін біріктіретін күш екенін көруге
мүмкіндік берді. Студенттер командалардың ойын барысын, жанкүйерлердің қолдауын
және матч кезіндегі стадион жұмысының ұйымдастырылуын тікелей бақылап, өз
әсерлерімен бөлісті.
Туризм мамандығында білім алып жатқан болашақ мамандар
үшін мұндай іс-шаралардың танымдық маңызы зор. Спорттық туризм — қазіргі
туристік индустрияның дамып келе жатқан бағыттарының бірі. Футбол матчтары
көрермендер мен туристерді тартуға, оқиғалық туризмді дамытуға және қаланың оң
имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
Орталық стадионға бару студенттердің ой-өрісін
кеңейтіп, спорттық іс-шараларға деген қызығушылығын арттырды және топтық
бірлікті нығайтты. Осындай танымдық сапарлар оқу үдерісін практикалық
тәжірибемен толықтырып, студенттерге туристік саланың мүмкіндіктерін тереңірек
түсінуге және спорттық іс-шаралардың ішкі туризмді дамытудағы маңызын ұғынуға
көмектеседі.