METU ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында жазушы Сәкен Сыбанбайдың «Ғаламтордағы махаббат» шығармасына арналған әдеби кездесу өтеді.
Кездесу барысында қатысушылар виртуалды әлемдегі сезім, шынайы махаббат пен адамдық қарым-қатынас туралы ой бөлісіп, шығарма төңірегінде пікір алмасады. Сондай-ақ автордың қатысуымен туындының негізгі идеялары талқыланады.