Главная Новости METU ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ
28 Қазан 2026                  41
METU ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ, ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ МЕН СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫН ТЫҢДАДЫ

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, ұлттық бірлік, адами капиталды дамыту және қоғамның болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігі мәселелеріне ерекше назар аударды.

Президент 2027 жылды Жаппай құрылыс жылы деп жариялады. Мемлекет басшысының айтуынша, келесі жылы Қазақстанның барлық өңірінде азаматтық инфрақұрылым нысандарын ауқымды түрде салу және жөндеу жоспарланып отыр.

Жолдауда жастардың әлеуетін дамытуға, сапалы білім алуға тең мүмкіндіктер жасауға, дарынды жастарды қолдауға және олардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына жағдай қалыптастыруға ерекше мән берілді. Сонымен қатар, қазіргі жастар үшін кәсіби біліммен қатар сыни ойлау қабілетін, технологиялық құзыреттілікті, зерттеу мәдениетін және әлеуметтік жауапкершілікті дамыту маңызды екені атап өтілді.

Бұдан бөлек, ұлттық бірлікті нығайту, заңға бағыну, әділдік және қоғам игілігі жолындағы ортақ жауапкершілік елдің тұрақты дамуының маңызды шарттары ретінде айқындалды. Қазақстанның болашағы мемлекеттік бағдарламалармен қатар, білімді әрі бастамашыл азаматтардың еңбегі мен нақты жетістіктеріне де тікелей байланысты екені атап өтілді.

Университеттің бұл маңызды оқиғаға қатысуы азаматтық жауапкершіліктің, отансүйгіштіктің және жас ұрпақтың тәуелсіз Қазақстанның болашағына деген қызығушылығының маңызын көрсетеді.