Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Қазақ және ағылшын тілдері үндестігі: Хэллоуин тақырыбындағы шығармашылық сабақ
29 Қазан 2026                  31
Қазақ және ағылшын тілдері үндестігі: Хэллоуин тақырыбындағы шығармашылық сабақ

2026 жылғы 29 қазанда «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Тебегенова Алтынарай Темірханқызы ағылшын тілі апталығы аясында ИТвЭЭ-1р-26 және БТ-1р-26 топтарының студенттерімен шығармашылық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты - қазақ және ағылшын тілдерін өзара байланыстыра оқыту, студенттердің екі тілде сөйлеу дағдыларын жетілдіру және білімдерін тәжірибеде қолдану.  Танымдық бөлімде Хэллоуин (Halloween) мерекесінің тарихы, шығу тегі мен АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Ирландиядағы дәстүрлері таныстырылды. Студенттер мерекенің мәдени ерекшеліктерін талқылап, ағылшынтілді елдердің мәдениеті туралы білімдерін кеңейтті.

Практикалық тапсырмалар қазақ тіліндегі сан есім, сын есім, есімдік және етістік тақырыптарымен ұштастырылды. Интерактивті тақтадағы суреттер бойынша студенттер кейіпкерлерді сипаттап, заттарды санап, түрлі жағдаяттарды талдады. Тапсырмаларды қазақ және ағылшын тілдерінде орындау арқылы екі тілде еркін сөйлеуге және тілдік білімдерін практикада қолдануға машықтанды. Сабақта ойын технологиялары, жұптық және топтық жұмыс, визуалды талдау әдістері қолданылды. Қазақ және ағылшын тілдерінің ағылшынтілді елдердің тарихы мен мәдениетімен байланыстырылуы пәнаралық байланыстың тиімді үлгісін көрсетті.  Шығармашылық сабақ студенттердің танымдық белсенділігін арттырып, тіл үйренуге қызығушылығын күшейтуге, сыни ойлауын және мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.