METU ғылыми кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында белгілі жазушы, журналист Сәкен Сыбанбаймен әдеби кездесу өтті.
Іс-шара
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кітап оқу мәдениетін қалыптастыру және
жастардың рухани-танымдық дамуын қолдау жөніндегі бастамаларымен үндеседі.
Кездесу
барысында жазушының «Ғаламтордағы махаббат» атты әңгімесі талқыланып,
шығарманың идеясы, қазіргі қоғамдағы интернеттің рөлі, виртуалды қарым-қатынас
пен адамгершілік құндылықтар мәселелері қозғалды. Студенттер авторға сұрақтар
қойып, өз пікірлерімен бөлісті.
Кездесу
соңында университет атынан Сәкен Сыбанбайға шығармашылық жүздесу үшін Алғыс хат
табысталды.
METU
ғылыми кітапханасы жастардың кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және көркем
әдебиетті насихаттауға бағытталған жұмыстарды жалғастырады.