Академиялық ынтымақтастық аясында И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің техника ғылымдарының кандидаты, доцент Дюйшенова Марина Анарбековна METU студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Дәріс «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының 6В07103 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасының студенттеріне арналып, «Механизмдерді құрылымдық және кинематикалық талдау» тақырыбында өтті.
Дәріс барысында механизмдердің құрылымдық сұлбалары, негізгі элементтері мен қозғалыс заңдылықтары, сондай-ақ олардың кинематикалық көрсеткіштерін анықтау әдістері қарастырылды. Студенттер тақырып бойынша білімдерін толықтырып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қонақ дәріскермен пікір алмасты.
Мұндай дәрістер студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге, инженерлік ойлау қабілетін дамытуға және шетелдік жоғары оқу орындары мамандарының тәжірибесімен танысуына мүмкіндік береді.