Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Қазақстанның болашағы: Президент Жолдауы аясындағы ашық пікір алмасу
03 Қараша 2026                  60
Қазақстанның болашағы: Президент Жолдауы аясындағы ашық пікір алмасу

 2026 жылдың 3 қарашасы күні ТиПП-26-1.1 тобында Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын талқылауға арналған эвайзерлік сағат өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – студенттердің ел дамуының басым бағыттары туралы түсінігін кеңейту, қоғамдық-саяси мәселелерге қатысты азаматтық көзқарасын қалыптастыру және Қазақстанның болашағы жөнінде пікір алмасуға мүмкіндік беру.

Эдвайзерлік сағат барысында топ кураторы, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының  қауымдастырылған профессоры Тукебаева Жаңыл Аубакировна Президент Жолдауында көтерілген басым бағыттарға тоқталып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, білім беру жүйесін жетілдіру, цифрландыру және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелерінің маңызын атап өтті. Талқылау кезінде студенттер ел дамуының өзекті міндеттері мен қазіргі қоғам алдындағы талаптар туралы ой бөлісті.

Кездесуде жастардың мемлекеттік стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Қатысушылар сапалы білім алу, кәсіби құзыреттілікті дамыту, бастамашыл болу және азаматтық жауапкершілікті сезіну жас ұрпақтың ел болашағына қосатын маңызды үлесі екенін атап өтті. Сонымен қатар белсенді азаматтық ұстаным, отансүйгіштік, еңбекқорлық және кәсіби тұрғыдан үздіксіз даму құндылықтары талқыланды.

Кездесу қорытындысында студенттер елдің дамуына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласудың және өз білімдері мен кәсіби дағдыларын жетілдірудің маңызын пайымдады. Кураторлық сағат олардың саяси дүниетанымын кеңейтуге, азаматтық санасын дамытуға, патриоттық құндылықтарын нығайтуға және Қазақстанның болашағына деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.

ТиПП-26-1.1 тобының эдвайзері, «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Тукебаева Жаңыл Аубакировна студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, рухани-адамгершілік тәрбиесіне, сондай-ақ кәсіби және тұлғалық тұрғыдан жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.