2026 жылғы 23 қазанда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) Көкшетау қаласында өткен «Білімді Келешек – III» халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.
Көрме барысында университет өкілдері мектеп оқушылары мен колледж түлектеріне білім беру бағдарламалары, оқуға түсу талаптары, мемлекеттік және ішкі білім беру гранттары, сондай-ақ оқу ақысына берілетін жеңілдіктер туралы ақпарат ұсынды.
Келушілер университеттегі оқу үдерісімен, практикалық даярлық мүмкіндіктерімен және студенттік өмірмен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Көрмеге қатысу METU университетінің білім беру мүмкіндіктерін кеңінен таныстыруға, болашақ талапкерлермен және өңірдің білім беру ұйымдарымен байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.