Тәрбие бағыты бойынша эдвайзерлік
жұмыс аясында ИТвЭЭ-26-1р және БТ-26-1.1 орыс топтары студенттерімен Қазақстан
Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы
Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды. Кездесудің
басты мақсаты – Жолдауда білім беру саласына қатысты көтерілген өзекті
мәселелерді жастардың көзқарасымен саралау, олардың азаматтық ұстанымын
қалыптастыру және ел болашағына деген жауапкершілігін арттыру. Талқылау барысында студенттер білім беру сапасын арттыру,
мұғалімдердің кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасау және олардың артық
әкімшілік жүктемесін азайту, инклюзивті білім беруді дамыту, ерекше білім беру
қажеттіліктері бар балаларға қажетті жағдайлар мен мамандар санын көбейту
мәселелеріне назар аударды.
Сонымен қатар білім беру жүйесіне
заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, білім
алушылардың сапалы білімге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жастардың кәсіби
дамуына мүмкіндік жасау бағыттары бойынша пікір алмасты. Кездесудің ең қызықты тұсы – студенттерге: «Егер ертең ел басқару
жауапкершілігі сіздердің қолдарыңызға берілсе, Қазақстанның білім беру саласын
дамыту үшін ең алдымен қандай үш өзгеріс енгізер едіңіздер?» деген сауалдың
қойылуы болды. Бұл сұраққа жауап
берген 1-курс студенттері сапалы білім беруді қолжетімді ету, білім беру
ұйымдарын заманауи технологиялармен қамтамасыз ету, мұғалімдердің мәртебесі мен
кәсіби дамуына қолдау көрсету, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім
сапасының айырмашылығын азайту және жастардың қабілетін дамытуға бағытталған
мүмкіндіктерді кеңейту жөнінде өз ұсыныстарын білдірді. Пікір алмасу барысында бір маңызды ой айқындалды: білімді, бәсекеге
қабілетті және жауапкершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу – мемлекет пен қоғамның
ортақ міндеті. Ал білім беру саласындағы оң өзгерістер әрбір жас азаматтың
болашағына тікелей әсер етеді.
Кездесу студенттерге Жолдаудың
білім беру саласына қатысты бағыттарын өз өмірімен, болашақ мамандығымен және
азаматтық жауапкершілігімен байланыстыра қарауға мүмкіндік берді. Өйткені
сапалы білім мен саналы ұрпақ – ел болашағының берік негізі.