2026 жылғы 3–5 қараша аралығында Алматы қаласында Ғалым-механиктер мен инженерлердің дүниежүзілік конгресі өтті. Ауқымды ғылыми іс-шара аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Ғылыми-техникалық және инженерлік кадрларды даярлау: заманауи тәсілдер мен технологиялар» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Аталған конференцияның ұйымдастыру комитетінің төрағасы қызметін Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Бостанов Бектас Ғаниевич атқарды.
Халықаралық ғылыми конференцияға «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының магистранттары мен докторанттары да белсенді қатысты. Жас зерттеушілер ғылыми-зерттеу бағыттары бойынша тәжірибе алмасып, заманауи инженерлік білім беру, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алды.
Конференция ғалымдар, оқытушылар және жас зерттеушілер арасындағы ғылыми байланысты нығайтуға, жаңа идеялармен алмасуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.
Кафедра меңгерушісінің халықаралық конференцияны ұйымдастыруға жетекшілік етуі және магистранттар мен докторанттардың ғылыми іс-шараға қатысуы «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға және университеттің халықаралық ғылыми кеңістіктегі беделін нығайтуға ықпал етеді.