Главная Новости AI-SANA HACKATHON 2026: жасанды интеллект саласындағы үздік студенттік жобалар анықталды
06 Қараша 2026                  1106
AI-SANA HACKATHON 2026: жасанды интеллект саласындағы үздік студенттік жобалар анықталды

2026 жылғы 5–6 қарашада Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде AI-SANA бағдарламасы аясында «Инженериядағы жасанды интеллект» HACKATHON 2026 өтті.

5 қарашада қатысушылар өз жобаларын таныстырып, әзірлеген прототиптері мен демо-нұсқаларын сараптамалық комиссия алдында қорғады. 6 қарашада комиссияның қорытынды бағалау нәтижелері жарияланып, жеңімпаздар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.

Жүлделі орын иегерлері

I орын

Октябрин Біржан Азаматұлы — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

Жоба тақырыбы: «Медициналық мамандық студенттерін оқытуға арналған виртуалды пациентпен интеллектуалды медициналық кеңес беру симуляторын әзірлеу».

Жоба жетекшісі: Демеубаева Лаура Курмангазиевна — «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының дәріскері.

II орын

Команда құрамы:

·       Оңайбек Диляра Бауржанқызы;

·       Ирискулова Насиба Жансурқызы;

·       Қасым Аружан Бадетқызы.

Қатысушылар — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері.

Жоба тақырыбы: «Жасанды интеллект көмегімен бейнебақылау камералары арқылы қауіпті жағдайларды тануға арналған көмекші».

Жоба жетекшісі: Жолшиева Күнсулу Асқарқызы — «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының дәріскері.

III орын

Команда құрамы:

·       Абишев Данияр Нурланович;

·       Маевская Любовь Николаевна.

Қатысушылар — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері.

Жоба тақырыбы: «Жасанды интеллектті қолданатын MIR100 қоймалық роботын басқарудың интеллектуалды жүйесі».

Жоба жетекшісі: Мынбаева Ляйля Нурбековна — «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының дәріскері.

Арнайы номинация иегерлері

«Цифрлық экономика және бизнес саласындағы үздік AI-жоба»

Команда құрамы:

·       Темірхан Әбілхайрхан Нурханұлы;

·       Илесьбеков Айдос Фейзуллаевич;

·       Нұрахмет Алинур Амантайұлы;

·       Мурат Алмат Жадыраұлы.

Қатысушылар — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері.

Жоба тақырыбы: «Жүйенің өнімділігін арттыру, кіріс және шығыс активтерін талдау, негізгі және жанама мәселелерді анықтау мен шешу».

Жоба жетекшісі: Жолшиева Күнсулу Асқарқызы — «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының дәріскері.

«Жасыл технологиялар мен экологиялық тұрақтылық саласындағы үздік AI-жоба»

Команда құрамы:

·       Ғаббас Ислам Сәлімжанұлы — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті;

·       Абдимуталип Аян Сапарғалиұлы — 6B06104 «Инженериядағы жасанды интеллект» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті.

Жоба тақырыбы: «Өсімдікті суреті арқылы танып, оған дұрыс күтім жасау жолдарын ұсынатын интеллектуалды веб-сайт».

Жоба жетекшісі: Демеубаева Лаура Курмангазиевна — «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының дәріскері.

«Инженерлік және өндірістік міндеттерді шешуге арналған үздік AI-шешім»

Команда құрамы:

·       Искрин Даниэль Андреевич — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;

·       Ахтамов Садык Русланович — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті;

·       Алтай Санжар Қанатұлы — 6B07102 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

Жоба тақырыбы: «AI-PromPlatform: жергілікті Edge-АСУТП операторларының жабдықтарын болжамды талдау және қолдау кешені».

Жоба жетекшісі: Искрин Даниэль Андреевич — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті.

«Білім беру мен ғылыми зерттеулерге арналған үздік AI-жоба»

Команда құрамы:

·       Исаев Жанасыл Нұрланұлы;

·       Камал Жангелді Сағынышұлы;

·       Шакимарал Мирас Шакимаралұлы.

Қатысушылар — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері.

Жоба тақырыбы: «Жасанды интеллект көмегімен дрон құрастыруды үйрету».

Жоба жетекшісі: Махсетбаев Уркен Мансурулы — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті.

«Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған үздік AI-жоба»

Команда құрамы:

·       Абиров Айқын Маратұлы;

·       Құдайбергенов Бағжан Төлегенұлы;

·       Мадияров Аскар Сакенович;

·       Шады Ақниет Чингизханқызы.

Қатысушылар — 6B06103 «Бағдарламалық инженерия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері.

Жоба тақырыбы: «ZhuldyzMed — пациент пен дәрігерді байланыстыратын мобильді медициналық қосымша».

Қосымша дәрігер қабылдауына жазылуға, онлайн кеңес алуға, хабарлама алмасуға және медициналық профильді жүргізуге мүмкіндік береді.

Жоба жетекшісі: Демеубаева Лаура Курмангазиевна — «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының дәріскері.

Комиссия шешімі бойынша қалған қатысушы командалар республикалық іріктеу кезеңіне өтіп, сертификаттармен марапатталды.