Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Теориядан тәжірибеге: мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері бойынша қонақ дәрісі
03 Қараша 2026                  35
Теориядан тәжірибеге: мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру мәселелері бойынша қонақ дәрісі

2026 жылғы 03 қарашада "Экономика және бизнес" кафедрасының шақыруымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Серік Жұмаханұлы Әілханның "Мүлікті мемлекеттік басқарудың және жекешелендірудің өзекті мәселелері" тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

         Қонақ дәрісі Қазақстан Республикасындағы қаржылық қамтамасыз етудің, мүлікті мемлекеттік басқарудың және жекешелендіру процестерінің практикалық аспектілерімен танысуға, сондай-ақ кәсіби білімдерін кеңейтуге және мемлекеттік органның өкілімен пікір алмасуға тамаша мүмкіндік болды.

Бұндай дәрістерді өткізу болашақ мамандардың экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы терең теориялық білімдерін ғана емес, сонымен қатар табысты кәсіби қызмет үшін қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.