METU-де Sarmat Technologies компаниясының бас директоры Артём Берёза «Жасанды интеллект бизнесті қалай өзгертуде» тақырыбында қонақ дәріс өткізді.
Спикер компаниялардың күнделікті міндеттерді орындау және жұмыс үдерістерін басқару үшін ЖИ-ассистенттерін қалай енгізіп жатқаны туралы айтып берді. Артём компанияны басқаруда және жеке жұмысын ұйымдастыруда ЖИ-ассистенттерін қолдану тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс студенттерді жасанды интеллектінің практикалық мүмкіндіктерімен таныстырып, мамандардың міндеттері қалай өзгеріп жатқанын және бизнесте қандай дағдылар сұранысқа ие бола бастағанын түсінуге көмектесті.