Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры Театрға мәдени сапар
11 Қараша 2026                  128
Театрға мәдени сапар

2026 жылғы 11 қарашада «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына барып, «Әпке» драмалық қойылымын тамашалады.

Отбасы құндылықтары, бауырмалдық, адамгершілік және жақындарға деген жауапкершілік мәселелерін арқау еткен қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырды.

Аталған мәдени іс-шара студенттердің рухани-адамгершілік тәрбиесін дамытуға, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруға және кафедра ұжымы мен студенттер арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды.

Театрға ұйымдастырылған мәдени сапар қатысушыларға жағымды әсер сыйлап, рухани тұрғыдан баюға мүмкіндік берді.