Главная Кафедры Бағдарламалық инженерия Новости кафедры Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің студенттері келді
17 Қараша 2026                  32
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің студенттері келді

Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласындағы И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті мен Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға сәйкес, 2026 жылғы 16–22 қараша аралығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ақпараттық технологиялар институтының «Қолданбалы информатика» кафедрасының студенттері университетімізге келді. Студенттер куратор Токтоналы Аиданың жетекшілігімен келді.

Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қолдауымен студенттердің жайлы орналасуы мен білім беру бағдарламасына тиімді қатысуы үшін қажетті ұйымдастыру шаралары қамтамасыз етілді.

Студенттерді «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының меңгерушісі Бостанов Б.Г. жылы қарсы алды. Ол қатысушыларды болу бағдарламасымен таныстырып, университеттер арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, білім беру мүмкіндіктері және алдағы іс-шаралар туралы ақпарат берді.

Мұндай кездесулер университеттер арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға, кәсіби және мәдени байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми қызметті дамытуға ықпал етеді.

Студенттерге академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында сәттілік, жаңа білім мен жарқын әсерлер тілейміз!