Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ЦИФРЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ METU-ДА
18 Қараша 2026                  62
ЦИФРЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ METU-ДА

2026 жылғы 18 қарашада METU университетінің қабырғасында сарапшылар Ләззат Секбаева мен Жанарғүл Хасеннің «Цифрлық психология: технологиялар біздің эмоциямыз бен мінез-құлқымызға қалай әсер етеді» тақырыбындағы қызықты дәріс-кездесуі өтті.

Кездесу студенттердің белсенді қатысуымен интерактивті форматта ұйымдастырылды. Интерактивті бөлімдердің бірі – кәсіп таңдауын талдау болды. Осы жаттығу барысында студенттер таңдаған мамандығының өз қызығушылықтарына, қабілеттеріне және тұлғалық ерекшеліктеріне қаншалықты сәйкес келетіні жайында ой жүгірте алды.

Сондай-ақ шаршау, эмоциялық күйзеліс (күйіп кету), депрессия, эмоцияны бақылау, өзін-өзі тану және цифрлық ортада психологиялық денсаулықты сақтау мәселелері талқыланды.

Студенттердің пікірінше, дәріс көптеген жаңа ақпарат алуға, өзі туралы ойлануға, сондай-ақ өз өмірінің, эмоциялық әл-ауқатының және психологиялық денсаулығына қамқорлық жасаудың маңызын сезінуге мүмкіндік берді.