2026 жылы 18
қарашада METU университетінде Фин-26-1.1к тобының студенттерімен «Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушысы «The
Future’s in Your Hands, Grammar: to be going to, will- future
forms» тақырыбында шет тілі пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты – студенттердің will және
be going to грамматикалық құрылымдарын меңгеру, «The
Future’s in Your Hands» тақырыбында, яғни болашақ жоспарлары мен армандары
туралы ағылшын тілінде еркін сөйлеу дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында студенттер Қазақстанда,
соның ішінде Алматыда
және METU университеті
аясында болып жатқан жаңалықтарды
талқылап, грамматикалық жаттығулар орындады, жұптық жұмыс жасап, диалог жасады, тыңдалым, жазылым және
айтылым дағдыларын жетілдірді.
Сабақтың ерекше кезеңі – «Time Capsule: A
Message to 2030» шығармашылық тапсырмасы болды. Студенттер 2030 жылға арналған
жеке тілектері мен мақсаттарын жазып, арнайы уақыт капсуласына салды.
Сабақ нәтижесінде студенттер болашақ шақ
формаларын қолдануды үйреніп, өз армандары мен жоспарларын ағылшын тілінде
жеткізуге машықтанды.
Басты идея: Болашақ бүгінгі таңдауымыз бен
әрекетімізге байланысты. Болашақ өз қолыңда!