Хакатон аяқталды, алайда тың идеялар тарихы енді ғана басталады!
Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200-ден астам қатысушы мен 70-тен астам команда AI IN ENGINEERING METU 2026 хакатонында бас қосты. Қатысушылар өзекті технологиялық міндеттерді шешуге, инновациялық жобаларын ұсынуға және инженерия мен технологияның болашағы бүгіннен бастап қалыптасатынын дәлелдеуге мүмкіндік алды!
Бұл жай ғана жарыс болған жоқ. Хакатон батыл бастамалар, шығармашылық ізденіс, командалық рух пен тың идеялар тоғысқан алаңға айналды. Қатысушылар өз жобаларын әзірлеп, тәжірибе алмасты, стандарттан тыс шешімдер іздеді және инженерлік-технологиялық әлеуеттерін көрсетті.
Хакатон аясында командалар үш бағыт бойынша бақ сынады:
AI for Digital Economy & Smart Business
AI for Smart Campus
AI for Green Technologies and Health Care
Іс-шараның практикалық маңызын серіктес компаниялардың қатысуы арттыра түсті. Хакатон тапсырмаларын серіктес компаниялар нақты салалық мәселелер негізінде әзірледі. Ал компания өкілдері сарапшылар мен қазылар алқасының мүшелері ретінде командалардың жобаларын тыңдап, ұсынылған шешімдерді бағалап, үздік жобаларды анықтады. Мұндай формат қатысушыларға өз идеяларын нақты кәсіби міндеттерге барынша жақын жағдайда сынақтан өткізуге мүмкіндік берді.
Хакатонның ерекше сәттерінің бірі — жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі болды.
Байқау қорытындысы бойынша үш бағыттың әрқайсысында жүлделі орындарға ие болған командалар анықталды.
AI for Digital Economy & Smart Business
IDA — METU
Aupet-IS — АУЭС
Chiks — Digital College
AI for Smart Campus
OpenToWork — KBTU
Cabal — Satbayev University
Enaktus Myrzakhmetov — KU Abaya Myrzakhmetov, Көкшетау
AI for Green Technologies and Health Care
Beseu — ALT University
Tutrles — Narxoz
ŪĞYM NEXT — Satbayev University
Қатысушылардың еңбегі, шығармашылығы мен ұсынған жобаларын жоғары бағалаудың белгісі ретінде командалар серіктес компаниялардан арнайы сыйлықтар мен естелік тартуларға ие болды.
Сонымен қатар METU атынан ноутбуктер табысталды. Оларды хакатонның бас жүлдесін иеленген команда және үш бағыттың әрқайсысында бірінші орын алған командалар алды.
Бұл — жай ғана техника емес, алдағы уақытта білім мен дағдыларды жетілдіруге, жаңа идеяларды жүзеге асыруға және технологиялық жобаларды дамытуға жол ашатын мүмкіндік!
Хакатонның жоғары деңгейде өтуіне инновацияларды, инженерлік білім беруді және жастардың технологиялық әлеуетін дамытуға мүдделі ұйымдар мен компаниялар қолдау көрсетті.
AI IN ENGINEERING METU 2026 хакатонының серіктестері:
Инновациялық-индустриялық даму альянсы (AIID)
Dolce
Saigak-Orto
ProNovation Solutions
Qazaq IT Community
ONOTO
AI Startify
Қазақстан стандарттау және метрология институты
Freedom Bank
Astana Hub
Adam Advisory
Маревен Фуд Тянь-Шань
Trade IT
Серіктес компаниялардың өкілдеріне практикалық тапсырмаларды әзірлегені, жобаларды сараптамалық тұрғыда бағалағаны және қатысушыларға арнайы сыйлықтар ұсынғаны үшін ерекше алғыс білдіріледі. Сондай-ақ іс-шараның ұйымдастырылуына үлес қосқан менторларға, ұйымдастырушыларға және барлық қатысушыларға алғыс айтылады.
200-ден астам қатысушы, 70-тен астам команда, үш бағыт және жүздеген идея — мұның барлығы технология, шабыт пен жаңа жетістіктерге деген ұмтылысқа толы үлкен оқиғаның бір бөлігіне айналды.
AI IN ENGINEERING METU 2026 — идеялар мүмкіндіктерге айналатын, білім мен индустрияның ынтымақтастығы жаңа шешімдерге жол ашатын, ал болашақ бүгіннен бастап қалыптасатын орта!