Студенттік клуб
Жастар ұйымдары комитеті
Клуб жетекшісі
Конакбаева Айдана
+7 705 100 1841
Жастар ұйымдары комитеті — бұл университетіміздің студенттері мен жастарын біріктіретін белсенді және бастамашыл топ. Біз жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы, жеке тұлға ретінде өсуі мен дамуы үшін орта құруды және қоғамдық өмірге белсене қатысуды мақсат етіп отырмыз.
Біздің мақсатымыз:
- Жастар бастамаларын қолдау және дамыту.
- Студенттерді университеттің мәдени және әлеуметтік өміріне интеграциялау.
- Барлығына достық және шабыттандыратын атмосфераны қолдау.
Біздің міндеттеріміз:
1. Іс-шаралар ұйымдастыру:
- Әртүрлі мәдени, спорттық және білім беру іс-шараларын өткізу.
- Конкурстар, лекциялар, мастер-класстар, концерттер мен көрмелер ұйымдастыру.
2. Жастар бастамаларын қолдау:
- Студенттердің бастамаларына қолдау көрсету және жобаларды жүзеге асыру үшін ресурстар ұсыну.
- Жаңа идеяларды іске асыруға көмек көрсету.
3. Қарым-қатынас үшін алаң құру:
- Студенттерге пікірлес адамдарды тауып, қызығушылықтары бойынша топтар құруға көмектесу.
- Бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ету.
4. Басқа ұйымдармен ынтымақтастық:
- Университет ішінде және сыртында жастар ұйымдарымен серіктестік орнату.
- Бірлескен іс-шаралар, акциялар мен жобалар ұйымдастыру.
5. Волонтерлік және әлеуметтік жобаларды қолдау:
- Студенттерді волонтерлік қызметке тарту.
- Қоғамға пайдалы әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру.
Қалай комитеттің мүшесі болуға болады?
- Егер сен энергияға толы, бастамашыл және университеттің жастар өмірін дамытуға өз үлесіңді қосқың келсе, біз әрқашан жаңа мүшелерді командамызға шақырамыз!
- Бізге қосыл, жобаларға қатыс, айналаңдағы дүниені жақсырақ ет, басқаларды да әрекетке шабыттандыр!
Байланыс: