Басты бет Студенттерге Студенттік клубтар

Студенттік клуб

Спорт клубы




Клуб жетекшісі

Жарқын Құратан


+7 771 997 1871
  


Спорт клубы — университетімізде физикалық денсаулықты сақтау, спортпен айналысуға қызығушылық танытатын студенттерді біріктіретін ұйым. Клубтың басты мақсаты – студенттердің спорттық белсенділігін арттыру, дене шынықтыруды насихаттау және спорттық жетістіктерге жетуге жағдай жасау.

Мақсаттары:

  • Студенттердің физикалық денсаулығын жақсарту: Спортпен жүйелі түрде айналысу арқылы студенттердің денсаулығын нығайту.
  • Спорттық қабілеттерді дамыту: Спорттың әртүрлі түрлері бойынша студенттердің техникалық және тактикалық дағдыларын жетілдіру.
  • Жоғары спорттық нәтижелерге жету: Университеттің спортшыларының халықаралық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетуіне ықпал ету.
  • Спортты қолжетімді ету: Әрбір студентке спортпен айналысу үшін қолайлы жағдайлар жасау.
  • Студенттерді командалық жұмысқа үйрету: Спорт арқылы топтық жұмыс дағдыларын дамыту және белсенді қатысуға шақыру.

Міндеттері:

1. Cтуденттерді спортқа тарту:

  • Университет студенттерін әртүрлі спорттық іс-шараларға, жарыстар мен турнирлерге қатыстыру, спорттың әртүрлі түрлерімен айналысуға ынталандыру.

2. Спорттық шараларды ұйымдастыру:

  • Университет ішінде спорттық жарыстар, чемпионаттар, турнирлер мен фестивальдер өткізу.

3. Дене шынықтыруды насихаттау:

  • Студенттер арасында дене шынықтырудың маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау.

4. Спорттық инфрақұрылымды дамыту:

  • Университеттің спорт алаңдары мен жабдықтарын жетілдіру, студенттер үшін спорттық құрал-жабдықтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету.

5. Спортшыларды дайындау:

  • Спорттық жарыстарға қатысу үшін университеттің спортшыларына кәсіби дайындық беру, олардың жоғары деңгейде өнер көрсетуіне жағдай жасау.