Жалпы ережелер
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Стильді бағбандар» ғылыми үйірмесі бастамашыл, ауыл шаруашылығы мен экологияға қызығушылық танытатын және кәсіби дамуға ұмтылатын білім алушылардың ерікті ғылыми-шығармашылық бірлестігі болып табылады.
Үйірме өз қызметін еріктілік, тең құқықтылық, академиялық адалдық, өзара құрмет, қауіпсіздік, өзін-өзі басқару және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау қағидаттары негізінде жүзеге асырады. Үйірме заңды тұлға болып табылмайды.
Үйірменің миссиясы
Жеміс-көкөніс шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және агротопырақтану салаларында студенттердің ғылыми қызығушылығын дамыту, экологиялық жауапты егіншілік мәдениетін қалыптастыру және агроөнеркәсіптік кешенге қажетті зерттеушілік құзыреттерді жетілдіру.
Үйірменің мақсаты
Топырақ құнарлылығын сақтау, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің заманауи технологияларын қолдану және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану бағыттарында теориялық білімі мен практикалық дағдылары қалыптасқан болашақ мамандарды даярлауға ықпал ету.
Негізгі міндеттері:
Қызметінің негізгі бағыттары:
Үйірме мүшелерінің құқықтары:
Үйірме мүшелерінің міндеттері:
Үйірменің құрылымы және басқарылуы
Үйірменің ұйымдық құрылымына ғылыми жетекші, үйірме төрағасы, хатшы және мүшелер кіреді. Ғылыми жетекші қызметтің ғылыми-әдістемелік бағытын айқындайды, жұмыс жоспарын келіседі және зерттеулерге жетекшілік етеді. Төраға отырыстар мен іс-шараларды ұйымдастырады. Хатшы ішкі құжаттаманы, хаттамалар мен есептерді жүргізеді.
Үйірмеге мүшелік
Үйірме жұмысына тұрақты қатысуға дайын университет студенттері мен магистранттары мүше бола алады. Үйірменің дамуына үлес қосатын оқытушылар мен сала мамандары кеңесші немесе құрметті мүше ретінде шақырылуы мүмкін.
Үйірме мүшелері:
2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары:
| № | Тақырып | Жұмыс нысаны | Мерзімі |
|---|---|---|---|
| 1 | Ғылыми үйірме қызметімен және агротопырақтанудың өзекті бағыттарымен танысу | Таныстырылым, ұйымдастыру отырысы | Қыркүйек 2026 |
| 2 | Бақ өсімдіктерінің түрлік алуантүрлілігі және оларды өсіру ерекшеліктері | Таныстырылым | Қазан 2026 |
| 3 | Топырақ жағдайының бақ дақылдарының өсуі мен өнімділігіне әсері | Таныстырылым, практикалық сабақ | Қараша 2026 |
| 4 | Өсімдіктердің өсуі мен дамуындағы қоректік элементтердің рөлі | Таныстырылым, практикалық сабақ | Желтоқсан 2026 |
| 5 | Топырақ құнарлылығын арттыру және топырақ денсаулығын сақтау тәсілдері | Практикалық сабақ | Қаңтар 2027 |
| 6 | Бақ өсімдіктерінің негізгі аурулары мен зиянкестері | Практикалық сабақ | Ақпан 2027 |
| 7 | Пайдалы организмдер және бақтың экологиялық тепе-теңдігі | Практикалық сабақ | Наурыз 2027 |
| 8 | «Стильді бағбандар» экологиялық тұрақты бағының моделін әзірлеу | Жоба, таныстырылым | Сәуір 2027 |
| 9 | Үйірме жұмысының қорытындысы | Есеп, таныстырылым | Мамыр 2027 |
| 10 | Жеміс өнімдерін экологиялық тұрақты өндірудің негізі ретінде бау-бақша шаруашылығын биологияландырудың перспективалары | Таныстырылым, хаттама | Желтоқсан 2026 |