Студенттік клуб
«Сарапшы аудиторлар» клубы
Клуб жетекшісі
Умбетов Е.С., Қалдыбаева С.Ғ.
+7 707 239 1171
Раз в месяц
Жалпы ережелер
Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің «Сарапшы-аудиторлар» ғылыми үйірмесі стандарттау, сертификаттау, метрология және сапаны басқаруға қызығушылық танытатын білім алушылардың ерікті ғылыми-кәсіби бірлестігі болып табылады. Үйірме студенттердің теориялық білімін практикалық сараптау және аудит дағдыларымен ұштастырады.
Үйірме Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, стандарттау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету және білім беру саласындағы заңнамасын, университет Жарғысын, академиялық адалдық қағидаларын және осы ережені басшылыққа алады.
Үйірме еріктілік, тең құқықтылық, объективтілік, құпиялылық, тәуелсіздік, дәлелді шешім қабылдау және кәсіби әдеп қағидаттарымен жұмыс істейді. Үйірме заңды тұлға болып табылмайды және коммерциялық мақсат көздемейді.
Үйірменің миссиясы
Стандарттау, сертификаттау, метрология, аккредиттеу және сапаны басқару салаларында студенттердің кәсіби ойлауын қалыптастыру, техникалық реттеудің үйлесімді дамуына және өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуге үлес қосу.
Үйірменің мақсаты
Нормативтік құжаттармен жұмыс істей алатын, өнім сапасын бағалайтын, өлшеу нәтижелерінің сенімділігін тексеретін және сарапшылық аудиттің негізгі қағидаларын қолданатын білікті мамандарды даярлауға ықпал ету.
Негізгі міндеттері:
- Стандарттау және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құжаттарды зерделеу;
- Стандарттарды әзірлеу, келісу, бекіту және қолдану тәртібін талдау;
- Өнімдер мен қызметтерді міндетті және ерікті сертификаттау рәсімдерін меңгеру;
- Өнім сапасының көрсеткіштерін бағалау және бақылау әдістерін қолдану;
- Өлшеу құралдарын тексеру мен калибрлеудің негізгі қағидаларын зерттеу;
- Сапа менеджменті жүйесі мен ішкі аудит дағдыларын дамыту;
- Ғылыми жобалар, баяндамалар және практикалық кейстер дайындау.
Қызметінің негізгі бағыттары:
- Стандарттау және техникалық реттеу;
- Сертификаттау және сәйкестікті бағалау;
- Метрология және өлшем бірлігін қамтамасыз ету;
- Өнімдер мен қызметтердің сапасын бақылау;
- Сапа менеджменті жүйелері және аудит;
- Нормативтік құжаттарды талдау;
- Өлшеу аспаптарын тексеруге арналған практикалық жұмыстар.
Сарапшылық аудит жүргізу қағидалары:
- Объективтілік — қорытынды тек тексерілген деректер мен нормативтік талаптарға сүйеніп жасалады;
- Тәуелсіздік — жеке мүдде мен сыртқы ықпал сараптамалық шешімге әсер етпеуге тиіс;
- Құпиялылық — аудит барысында алынған қызметтік және зерттеу ақпараты рұқсатсыз таратылмайды;
- Құзыреттілік — әр мүше өз білімі мен тәжірибесіне сәйкес тапсырма орындайды және қажет жағдайда ғылыми жетекшіден кеңес алады;
- Дәлелділік — анықталған сәйкессіздіктер нақты құжаттармен, өлшеу нәтижелерімен немесе бақылау жазбаларымен расталады;
- Қадағаланушылық — өлшеу нәтижелері, қолданылған әдістер және қорытындылар қайта тексеруге мүмкіндік беретіндей тіркеледі.
Үйірме жұмысын ұйымдастыру тәртібі:
- Оқу жылының басында үйірменің күнтізбелік жоспары, зерттеу тақырыптары және жауапты тұлғалар бекітіледі;
- Әр отырыстың тақырыбы, жұмыс нысаны және күтілетін нәтижесі алдын ала белгіленеді;
- Практикалық жұмыстар алдында қауіпсіздік және өлшеу құралдарын пайдалану жөніндегі нұсқама өткізіледі;
- Аудит кейстері жоспарлау, дәлел жинау, нәтижелерді талдау, сәйкессіздіктерді тұжырымдау және қорытынды есеп дайындау кезеңдерімен орындалады;
- Әр отырыс хаттамамен, ал зерттеу немесе аудит нәтижесі есеппен, чек-парақпен не таныстырылыммен рәсімделеді;
- Оқу жылының соңында орындалған жұмыстар талданып, келесі кезеңге ұсыныстар әзірленеді.
Үйірме мүшелерінің құқықтары:
- Үйірме отырыстарына, зерттеулеріне және іс-шараларына қатысу;
- Жоспар мен зерттеу тақырыптарына ұсыныс енгізу;
- Нормативтік және әдістемелік ақпарат алу;
- Сараптамалық топтар мен жобалар құрамында жұмыс істеу;
- Зерттеу нәтижелерін конференциялар мен байқауларда таныстыру;
- Үйірмеден өз еркімен шығу.
Үйірме мүшелерінің міндеттері:
- Қауіпсіздік техникасын және өлшеу құралдарымен жұмыс істеу талаптарын сақтау;
- Объективтілік, құпиялылық және академиялық адалдық қағидаларын ұстану;
- Бекітілген жоспар мен тапсырмаларды орындау;
- Өлшеу және бақылау нәтижелерін дәл тіркеу;
- Нормативтік құжаттарды дұрыс қолдану;
- Үйірме мен университеттің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеу.
Үйірменің құрылымы және басқарылуы
Үйірме ғылыми жетекшілерден, төрағадан, хатшыдан және тұрақты мүшелерден тұрады. Нақты зерттеулер мен аудит кейстерін орындау үшін уақытша жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Отырыстар бекітілген жоспарға сәйкес өткізіліп, шешімдер хаттамамен рәсімделеді.
Басқару органдарының өкілеттіктері:
- Ғылыми жетекшілер қызмет бағытын, аудит тақырыптарын және зерттеу әдістерін айқындайды, жұмыс жоспарын келіседі, нормативтік базаның өзектілігін тексереді және жұмыстардың ғылыми-әдістемелік сапасын бақылайды;
- Төраға кезекті және кезектен тыс отырыстарды шақырады, күн тәртібін әзірлейді, іс-шараларды үйлестіреді, міндеттерді бөлуге қатысады және жылдық есепті дайындайды;
- Төраға үйірмені кафедрамен және университеттің өзге бөлімшелерімен өзара іс-қимылда таныстырады, конференциялар мен байқауларға қатысуды ұйымдастырады;
- Хатшы хаттамаларды, қатысу тізімдерін, нормативтік материалдар тізілімін, аудит чек-парақтарын және есептік құжаттарды жүргізеді;
- Жұмыс тобының жетекшісі аудит бағдарламасын әзірлейді, міндеттерді бөледі, деректердің дұрыстығын тексереді және қорытындының дәлелділігін қамтамасыз етеді;
- Үйірме мүшелері қабылданған шешімдерді орындауға, белгіленген мерзімдерді сақтауға және орындалған жұмыс туралы ақпарат беруге міндетті.
Үйірмеге мүшелік
Үйірмеге стандарттау, сертификаттау, метрология және сапаны басқару салаларына қызығушылық танытатын университет студенттері қабылданады. Қабылдау студенттің өтініші немесе ғылыми жетекшінің ұсынысы негізінде жүзеге асырылады. Оқытушылар мен сала мамандары кеңесші ретінде шақырылуы мүмкін.
Мүшелікті тоқтату:
- Мүшенің өз еркімен шығуы;
- Үйірме жұмысына дәлелді себепсіз жүйелі түрде қатыспауы;
- Қауіпсіздік, академиялық адалдық немесе құпиялылық талаптарын бұзуы;
- Өлшеу немесе аудит нәтижелерін әдейі бұрмалауы;
- Үйірме беделіне нұқсан келтіретін әрекет жасауы.
Үйірме мүшелері:
- Ақанқызы Айым — СС-23-1к;
- Дәулетқұл Береке Бақытжанқызы — СС-23-1к;
- Мақсатқызы Томирис — СС-23-1к;
- Тәңірберген Ақерке Даниярқызы — СС-23-1к;
- Қадыр Аружан — СС-25-1к;
- Үмбетәлі Жанел — СС-26-1к;
- Әлімғазы Диана — СС-26-1к.
Қорытынды ережелер
Осы ереже университеттің белгіленген тәртібімен бекітілген күннен бастап күшіне енеді. Жұмыс жоспары әр оқу жылына жасалып, кафедрамен келісіледі. Өзгерістер ғылыми жетекшілердің, үйірме мүшелерінің немесе кафедраның ұсынысы бойынша енгізіледі. Оқу жылының қорытындысы есеп, таныстырылым және практикалық аудит нәтижелері түрінде ұсынылады.
2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары:
| № |
Тақырып |
Жұмыс нысаны |
Мерзімі |
| 1 | Ұйымдастыру отырысы, міндеттер мен зерттеу бағыттарын бөлу | Отырыс, нұсқама | Қыркүйек 2026 |
| 2 | Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнама | Практикалық сабақ | Қазан 2026 |
| 3 | Стандарттау жүйесінің жалпы сипаттамасы | Практикалық сабақ | Қараша 2026 |
| 4 | Стандарттарды әзірлеу тәртібі | Практикалық сабақ | Желтоқсан 2026 |
| 5 | Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар | Практикалық сабақ | Қаңтар 2027 |
| 6 | Өнімдер мен қызметтерді сертификаттау. Сапаны жүйелі басқару | Практикалық сабақ | Ақпан 2027 |
| 7 | Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі | Практикалық сабақ | Наурыз 2027 |
| 8 | Сапаны бақылау және бақылау әдістері | Практикалық сабақ | Сәуір 2027 |
| 9 | Міндетті және ерікті сертификаттау жүйесі | Практикалық сабақ | Мамыр 2027 |
| 10 | Термометриялық аспаптарды, су және газ есептегіштерін тексеру | Таныстырылым, практикалық кейс | Жыл бойы |