Студенттік клуб
Shyn Дебат клубы
Клуб жетекшісі
Бек Нұрсәуле
+7 705 425 3002
Shyn Дебат клубы — бұл университетіміздегі ең белсенді және қызықты студенттік ұйымдардың бірі, онда студенттер өз пікірлерін білдіру, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, қоғамдық мәселелер туралы талқылаулар жүргізу мүмкіндігіне ие.
Мақсаты:
- Студенттердің өз пікірін еркін әрі сенімді түрде жеткізу қабілетін арттыру.
- Пікірталас дағдыларын дамыту, әсіресе аргументтерді нақты және жүйелі түрде құру.
- Ұлттық және халықаралық деңгейде дебаттар өткізу, тәжірибе алмасу.
- Студенттерді қоғамдағы маңызды мәселелерге жауапты көзқараспен қарауға үйрету.
- Дебат форматтарын қолданып, университет ішінде интеллектуалды мәдениетті қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Қоғамдық мәселелер бойынша пікірсайыс өткізу:
- Студенттерді әртүрлі әлеуметтік, саяси, мәдени мәселелер бойынша пікірталастарға қатысуға шақыру.
2. Ойлау және сөйлеу дағдыларын дамыту:
- Қатысушылардың сөйлеу шеберлігін, логикалық және сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Көшбасшылық қасиеттерін дамыту:
- Клуб мүшелері дебаттар арқылы көшбасшылық, ұйымдастырушылық және коммуникациялық дағдыларды үйренеді.
4. Қатысушылардың ғылыми және әлеуметтік белсенділігін арттыру:
- Студенттерді ғылым мен қоғамдағы өзекті мәселелерге қызықтырып, оларды белсенді талқылауға тарту.
5. Жаңа идеяларды талқылау:
- Әртүрлі көзқарастарды тыңдау, сын көзбен қарау және жаңа идеяларды ұсыну арқылы шығармашылыққа ықпал ету.
Төрайымы: Бек Нұрсәуле
Байланыс нөмірі: +7 705 425 3002