Құрметті студенттер, магистранттар және эдвайзерлер!
Кәсіпорынмен кәсіби практика өту туралы келісімшарт жасау үшін төмендегі кестені толтыру қажет. Кестеде толтыру үлгісі көрсетілген.
Маңызды!!!
Кәсіпорынның деректерін дұрыс және толық көрсету керек, себебі олар ресми құжаттарда қолданылатын болады.
Келісімшартты жасау үшін ақпаратты 18.02.2025 ж. дейін career@metu.kz электрондық поштасына жіберу қажет.
Қажетті ақпарат ұсынылғаннан кейін, 3 жұмыс күні ішінде электрондық поштаға келісімшарт (PDF форматында) жіберіледі.
Қол қойылған келісімшарттарды беру мерзімі (құжаттың екі түпнұсқасы Мансап орталығына, оқу корпусы №1, 61-кабинетке тапсырылады): 25.02.2025 ж. дейін.
Көрсетілген мерзімдерден КЕЙІН ҰСЫНЫЛҒАН АҚПАРАТТАР МЕН ҚҰЖАТТАР ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.
Үлгіде көрсетілгендей, осы кестеге өз ақпараттарыңызды толтырып, Word құжатының форматында жіберіңіз.
Егер сұрақтарыңыз болса, практика бойынша жауапты тұлғаға (эдвайзерге) хабарласыңыз.